Биылдан бастап еліміздегі әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып бекітілді. Бұл шешім азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасына байланысты қабылданып отыр. Ал, зейнетақы төлемдері екі тәсілмен көбейтіледі. Біріншісі, алып жүрген зейнетақылары 10,5%-ға көбейту арқылы жүзеге асса, екіншісі зейнеткерлердің орташа айлық табыстарына байланысты болмақ. Яғни орташа айлық табыстары жоғары болған тұлғалардың зейнетақылары да көбірек болады. Ал, жәрдемақылар жалпы 8,5%-ға өсті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады. Айта кетейік, облыс бойынша 800 мыңға жуық адам әлеуметтік төлемдер алады.
️