2 мың адам теріскейге көшкен

177
17.01.2023 15:47

Солтүстік Қазақстан облысына еңбек күші артық өңірлерден 6,5 мыңнан астам адам көшіп барған. Бөлінген квотаның 32 пайыздан астамы Түркістан облысының үлесінде. Теріскейге былтыр қоныс аударған 2 129 адамның ішінде жартысына жуығы Солтүстік Қазақстан облысына көшті. Сондай-ақ түркістандықтар Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарына, Қарағанды мен Ұлытау облыстарына қоныстанған. Жалпы бұл бағдарлама қолға алынғаннан бері  Түркістан облысынан 5 мыңдай отбасы теріскейге көшкен екен. Қоныс аударған еңбекке қабілетті тұрғынның басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылса, қалғаны жеке кәсібін ашыпты. Ал бизнес бастаймын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылған.