Түркістан облысында көмірге сұраныс күрт өсті. Қазір Кентау және Шардара ауданынның тұрғындары қатты отынға зәру болып отыр. Аяз қысқан сайын қатты отынның бағасы да өскен. Сапасына қарай тоннасы 20 мыңнан бастап 30 мың теңге аралығында саудалануда. Ал жергілікті билік алдағы күндері бұл мәселе шешіледі деп отыр.
️