Өз ауылдасының малын ұрлаған. Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлап, онымен қоймай сойып, етін сатып жіберген екі адамды ұстады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жергілікті тұрғын арызданып, асылтұқымды төрт өгізшесін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін хабарлайды. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, бес сағаттың ішінде ұрыларды құрықтады. Жәбірленушіге 1 млн.теңге көлемінде шығын келген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда.
️