Қалың қар жетісайлықтарды да әбіргерге салуда. Түркістан облысының Жетісай ауданында соңғы жылдары болмаған қалың қар түсіп, салдарынан көлік қоғалысы қиындап кетті. Жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында ауданда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Көшелер қардан тазаланып, көктайғақта көлікпен қорықпай жүруге жағдай жасалынуда. Тазалық жұмыстарына мекемелер мен шаруа қожалықтардан, кәсіпкерлер тарапынан 48 арнайы техника мен 500-ден аса адам жұмылдырылған.
️