Түркістан
EN

WTA500 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина екінші орын алды

539
13.01.2023 20:52

Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA500 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина екінші орын алды. Ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып өнер көрсеткен отандасымыз финалда Луиза Стефани мен Тэйлор Таунсенд жұбына есе жіберді. 1 сағат 45 минутқа созылған кездесуде  5:7, 6:7 есебі тіркелді. Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы Австралияда өтетін "Үлкен дулыға" турнирінде бақ сынайтын болады.

️