Қазақстан студенттер құрамасы жарыс жолын сенімді жеңістен бастады

275
13.01.2023 15:52

Лейк-Плэсидте жалауын желбіреткен 2023 жылғы ХХХ қысқы Универсиада ойындарының хоккей турнирінде Қазақстан студенттер құрамасы жарыс жолын сенімді жеңістен бастады. Дүнижүзілік доданың топтық кезеңі аясындағы алғашқы матчта ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске қол жеткізді. Қазақстан командасы сапынан Алдияр Нұрлан, Максим Мусоров пен Максим Мухаметов бір-бір шайбадан соқса, Кирилл Полохов дуль авторы атанды.Енді ұлттық құрама топтық кезеңде Венгрия, Ұлыбритания, Словакия мен универсиада қожайыны Америка құрама штатымен кездесу өткізеді. Айта кетсем, 1995 жылы  Испанияның Хака қаласында өткен қысқы универсиада шайбалы хоккейден Қазақстан құрама топ жарған болатын.