Бәйдібек ауданы Жарықбас ауылында бір жүкті әйел мен екі науқас жолдың қар басып қалуына байланысты ауруханаға жете алмай жолда қалған. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің 5 құтқарушысы мен бір жол талғамайтын көлік дер кезінде жетіп тұрғындарды ауруханаға жеткізіп үлгерді. Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қолайсыз ауа-райында жолға шақпай, ескертулерге құлақ асып, сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
️