Келес: Аудандық полиция бөлімінің бастығы есеп берді

675
13.01.2023 09:45

Қайтарымсыз несие алып беремін деп Түркістан облысының тұрғындарын сан соқтырған алаяқтар көбейді. Олардан зардап шеккендердің көбі білім беру ұйымдары мен медицина қызметкерлері. Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Қаныбеков тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында осылай деді. Жыл бойына атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндама жасаған ол қойылған сұрақтарға да жауап берді. Тұрғындар тарапы көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, өз ойларын ортаға салды. Оның ішінде мал ұрлығы, алаяқтық секілді қылмыстардың алдын алу жайы сөз болды. Қозғалған мәселе төңірегінде тұшымды жауап берген бөлім бастығы айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстар жасалатындығын атап өтті.