Түркістан
EN

Алматыда "Үнді" штамы анықталды

291
23.06.2021 23:00

Алматыда «Үнді» штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Індеттің бұл штамы үй шаруасындағы келіншектен табылыпты. Ал оның жолдасы шетелге іс-сапармен жиі шығатыны және ақпан айында коронавируспен ауырғаны белгілі болған. Одан бөлек Бекшин қала тұрғындарының карантин талаптарын сақтамайтынын айтты. Ал бұл немқұрайлылық коронавирус инфекциясының жаңа толқынын тудыруы мүмкін.

️