Қоғамдық орында балағат сөз айтқандардың жазасын күшейту қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Бұл заң жобасы 6 наурыздан бастап күшіне енетін болды. Құқықтық құжатта айналасындағыларды сыйламай, былапыт сөйлеген азаматтарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни, 69 мың теңге айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Ал, үйде, көлікте айтылған балағат қылмыс болып есептелмейді. Барлығы мән-жайға байланысты. Айта кетейік, балағат сөз қай тілде айтылса да заң жүзінде шара қолданылады.
️