Түркістан облысы Бағыс ауылына газ толықтай берілді

436
13.01.2023 09:37

Түркістан облысы Бағыс елді мекеніндегі тұрғын үйлерге табиғи газ толық берілді. «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының баспасөз қызметі газ құбырындағы апат жойылып, желілер қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Еске салсақ, 10 қаңтарда екі жүзден астам абонент көгілдір отыннан ажыратылып, қақаған қыста тұтас ауыл жылусыз қалған еді. Авариялық қызмет газ құбырында қатқан мұзды екі тәулік бойы ерітті. Қазір мамандар үй-үйді аралап, газ қысымын тексеріп жүр. Елді мекенге табиғи отын тарту жұмыстарына бюджеттен 128 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.