Шардара су қоймасы толмайды

606
13.01.2023 09:36

Шардара су қоймасынан елді  мекендерге келер қауіп жоқ. Үш жыл қатарынан  су деңгейі төмен болған Сырдария өзенінің деңгейі биыл 100 пайызға көтерілген. Сондықтан қазірдің өзінде Шардара су қоймасына 4 млрд текше метр су жиналып үлгерген. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасындағы суды қауіпсіз өткізу мақсатында алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Резервуарда әлі 2 млрд.текше метр бос сыйымдылық бар. Секундына 1000 текше метр су Көксарай су қоймасы мен Сырдария өзеніне жіберіліп жатыр. Сондықтан, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ дейді мамандар.