Дархан Сатыбалды: «Ауыл шаруашылығын әртараптандыруға күш салу керек»

292
13.01.2023 09:34

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, елді мекендерді дамыту жоспарымен танысты. Аймақ басшысы аудандағы жылыжай кешеніне ат басын бұрып, шаруашылықтың жай-күйін білді. Дархан Амангелдіұлы биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несиелер берілетінін, бұл бағытта Түркістан облысына 11 млрд. теңге қаралғанын атап өтті. Несие нақты жоспары бар, іскер азаматтарға берілуі тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу және мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді тиімді жобаларға жұмсау қажеттігін баса айтты. Аудан басшыларына мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалатын жұмыстарды күшейтуді тапсырды.