Бүгін - мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

182
13.01.2023 09:29

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Ширек ғасыр ел басқарған тұлғаны халқы кішіпейілдігі мен елжандылығы үшін қадір тұтты. Қонаев билік еткен жылдары экономика, әлеуметтік салалар дамыды, ғылымға көп көңіл бөлінді. Қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды.