Сенатор Үкіметті жылыжай шаруашылығын қолдауға шақырды

280
12.01.2023 18:18

Түркістан облысындағы көмір тапшылығынан жеміс пен көкөніс қымбаттауы мүмкін. Суық түскенде қажет температураны ұстап тұруы тиіс шаруалар тәулігіне тонналап көмір жағуы керек. Көпшілігінде бірер күнге жететін ғана қатты отын қалған. Еткен бейнеттің жемісін көреміз деп асыққан шаруалар өнімдер суыққа үсіп, қурап жатыр деп базыналарын айтуда. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео дәлел.