Депутаттар демалысқа шығады

171
23.06.2021 22:29

Бүгін жетінші шақырылған Мәжілістің алғашқы сессиясы қорытындыланды. Енді  депутаттар демалысқа шығады. Есепті кезеңде төменгі палата өкілдері Үкіметке 230 сауал жолдап, ең түйіткілді  мәселелердің шешімін табуға атсалысқан. Жалпы 49 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. Ал 10 құжат мәжілісмендердің бастамасымен әзірленді.  Айта кетейік, депутаттар демалыс кезінде аймақтарды аралап, халықпен кездесу өткізуі керек.