Шетелдік көліктер 23 қаңтардан бастап заңдастырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. Енгізілген тиісті өзгерістерге сәйкес утили көлік иелері утилизациялық алым төлемейді. Тек 200 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем жасайды. Біріншіден, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек. Әрі ол іздеуде болмауы тиіс. Сондай-ақ басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Соңғысы, кедендік тексеруден өтуі керек.
️