Жолға жауапты мамандар, коммуналдық сала қызметкерлері қардан тазарту және инертті материалдар себу жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда. Сондай-ақ, елдімекендерде сала мамандары тұрғындармен байланысқа шығып, ауызсу, электр желісі, газ саласы бойынша туындаған мәселені дер кезінде шешу мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Аудан аумағын қардан тазалау жұмыстарына 12 техника, 32 маман жұмылдырылған. Жолаушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолды тазалау және инертті материалдарды себу жұмыстары жалғасып жатыр.