Алматы орталық стадионы күрделі жөндеуден өтеді

463
11.01.2023 16:33

Алматы орталық стадионы 2030-ы жылға дейін модернизациядан өтеді. Алматы қалалық әкімдігі мен қаланың даму орталығы арнайы жоба әзірлеген. Онда қаланың 2025 және 2030-ы жылдарға арналған даму стратегиясы белгіленіпті. Осыған сәйкес, стадионға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Ал стадиондағы отыратын орын саны 23 мыңнан 45 мыңға дейін ұлғайту көзделуде. Естеріңізге сала кетсек, Алматы орталық стадионы көп жылдар футболдан Қазақстан Ұлттық Құрамасының өз алаңындағы ойындарын өткізетін орны болған және әлі күнге дейін «Қайрат» футбол клубының аренасы.