Данияр Елеусінов өз менеджерлеріне қарсы шығып, кінәлады

215
11.01.2023 16:31

Кәсіпқой боксшы, Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өз менеджерлеріне қарсы шықты. Спортшы солардың кесірінен Ай-Би-О чемпиондық титулынан айырылдым дейді. Бұл туралы жазбаны британдық журналисттің жазбасына жауап ретінде қалдырыпты. Онда Елеусіновтің Матчрум промоутерлік компаниясынан бекер кетті деп айтылған екен. Елеусіновтың жаңа менеджерлері Зия Алиев пен Элвис Креспо әдейі қастандық жасап отыр дейді. Олардың кесірінен, промоутер Эдди Хирнмен жұмысты тоқтатуға мәжбүр болыпты. Осылайша, қазір, жекпе-жек өткізе алмай отыр. Елеусіновтың соңғы жекпе-жегі 2021-і жылдың 18-і желтоқсанында өткен. Ай-Би-О титулын жеңгенімен, ұйым оны қайта тартып алған. Кәсіпқой боксшының мансаптағы статистикасы 11 жекпе-жекте 11 жеңіс, оның 6-уы нокаутпен ұтқан.