Түркістан облысының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер құрамасы Талдықорғанда өткен волейболдан Қазақстан чемпионатында топ жарды. Бұл додаға барлығы 21 команда, 205 спортшы қатысқан еді. Дегенмен, осындай жоғары дәрежелі бәсекеде Иса Раймханов шәкірттері қарсыластарынан оқ бойы озы болды. Үздік үштікке Астана қаласы мен Қызылорда облысының волейболшылары кірді.
️