Елімізде дәрілік заттар қымбаттайды. Бұған бағасын мемлекет белгілейтін емдік препараттар тізімінің қысқаруы себеп. Үкіметтегілердің айтуынша, бұл – дәріханалардың арасында бәсекелестік қалыптастырып, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жасалған шара екен. Жыл басында Кәсіпкерлер палатасы елдегі дәріхана бизнесіне қолдау сұраған. Өйткені бағаны мемлекет белгілеуінің кесірінен көптеген кәсіпкерлер шығынға батқан. Тіпті кей препараттарды дәріханалардан табу мүмкін болмай да қалды. Сондықтан 3700-ден астам дәрі-дәрмектің бағасын енді дәріханалар өзі белгілейді. Дәрілік заттардың қымбаттауына басты негіз осы болмақ
️