Түркістан облысында пәтер тонаумен айналысқан екі адам ұсталды. Олар жәбірленушілердің жалпы құны 13 миллион теңге болатын ақша және алтын бұйымдарын қолды қылған.
Мәселен, Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен құны алты жарым миллион теңге болатын алтын бұйымдары ұрланғанын жеткізген. Енді бірінің пәтерінен ақша мен құны екі миллион теңгеге жуық бағалы бұйымдарын үптеп кеткен. Осыған ұқсас мәлімдемелермен тағы бірнеше жергілікті тұрғын полиция бөліміне арызданды. Бүгінгі таңда күдіктінің екеуі де қамауда.
️