Қарағандыда 16 қабатты үйде жарылыс болды: 3 адам қаза тапты

150
11.01.2023 09:46

Қарағандыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, үш адам қаза тапты. Оқиға 10-қаңтар күні кешке болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері 11 адамды құтқарып, тілсіз жауды ауыздықтады. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.  Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Құзырлы органның мәліметінше, өрт 127 пәтерлі тұрғын үйдің сегізінші қабатында тұтанған. Оқиға орнында қаза болғандардың екеуі ер адам, біреуі әйел кісі екен. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеуде. Эвакуацияланған тұрғындардың біразы үйлеріне оралды. Үйде жылу бар. Бірақ электр қуаты әлі қосылған жоқ.