Уго Льорис Франция құрамасындағы мансабын аяқтады

196
10.01.2023 16:17

Тағы бір мансабын аяқтаған спортшы Уго Льорис. Бірақ, ол футболдан толыққанды кеткен жоқ. Тек Франция құрамасы сапында енді алаңға шықпайды. Ол Ұлттық Құрама үшін 145 кездесу өткізген. Оның ішінде, 121 кездесуде капитан ретінде команданы алаңға шығарған. Бұл Ле Бле қақпашысының ерекше жетістігі. Льорис қақпа күзеткен кезең Франция футболының қайта жаңғыруы деп атауға толық негіз бар. Себебі, осы кезеңде құрама 2018-ің жылғы Әлем Чемпионаты және 2021-і жылы Ұлшттар Лигасында топ жарған және 2016-ы жылғы Еуропа Кубогі мен Катардағы мундиальда күміс жүлде иеленді. Өз мәлімдемесінде, капитан жастарға мүмкіндік беру керектігі мен алдағы уақытта бірінші номер болып алдағы уақытта Майк Меньян ойнайды деп айтқан.