Уельс құрамасының және бірқатар Еуропалық топ-командалардың аңызына айналған Гарет Бейл кенеттен спорттық мансабын аяқтады. Ол Ағылшын Премьер-Лигасында 2011-і жылы жасындай жарқылдап, бірнеше марапат жеңіп алған еді. Жастар арасында ең үздік ойыншы және футболшылар мен журналистердің таңдауы бойынша үздік футболшы атанды. Бұған дейін Премьер-Лигада тек Криштиану Роналду 3 марапат алған. Кәсіби мансабын Саутгемптоннан бастаған ол, үздік маусымын лондондық Тоттенхем сапында өткізді. 2013-і жылы рекордтық ақшаға мадридтік Реал сапына ауысқан ол, бірден корольдік клубтың оныншы Чемпиондар Лигасын алуға көмектесті. Мадридтік жанкүйерлердің есінде Бейл екі ғажайып голымен еске түседі. Біреуі Кубок финалында Барселонаға асқан жылдамдықпен соққан добы болса, екіншісі 2018-і жылы Чемпиондар Лигасының ақтық кездесуінде Ливерпульге қайшылап соққан голы. Реал сапында жарақатынан айыға алмай, қосалқы құрамда қалған Бейл Тоттенхемге оралған еді. Алайда, бұрынғы командасында да, жетістікке жете алмай, 2022-і жылы америкалық Лос-Анджелес Гелексиге ауысты.
️