Осы жылдың бірінші Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. Ол 10 ақпанға дейін өткізіледі. ҰБТ-ға қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Айта кеткен жөн, 2023 жылғы ҰБТ-да тестілеу форматы өзгеріссіз қалды. Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы 15, математикалық сауаттылық 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырманы орындайды. Барлығы 120 сұрақ. Ең жоғары балл 140. Тестілеудің жалпы уақыты 4 сағат. Тестілеу кезінде қатысушыларға өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етіледі.
️