Күні кеше жаңалықтарымызда Қарнақ ауылындағы Шәмет ишан мешіт-медресесінің тозығы жеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Әріптесім Алтынбек Әмит көтерген мәселе мәдениет және спорт мининстрлігінің қолдауымен оң шешімін таппақ. Тарихи ғимарат биылдан қалмай қайта жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өтетін болады. Көне ғасырлық ғимарат бұған дейін де "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында жөндеуден өткен болатын. Алайда, мешіт-медресе қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының сапалы құрылысқа көңілі толмай отыр. Жергілікті халық ғимарат көз алдымызда тозып барады деп қынжылады.
️