Келес ауданында көктемгі егін егуге дайындық жұмыстары басталды

281
10.01.2023 15:55

Түркістан облысында қыс қаһарына мінді. Алайда, саршұнақ аяз келестік диқандардың  көктемгі егін егуге дайындық жұмыстарына кедергі емес. Шаруалар қысқы шілденің ортасы болса да далалық жерлерін жыртып, арық атыздарын дайындап үлгерген. Ендігі атқарылар жұмыс егілетін көшеттерді күтіп, баптап жетілдіру болып тұр.

Келестік кәсіпкер Нұржан Умаров алғаш рет жартылай ащы және тәтті бұрыштың будандасқан түрін көшет күйінде өндіріп, одан өнім алуды қолға алды. Ол бұл өнімнің атауын «Келес» деп атаған. Жиырма жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкердің айтуынша, жаңа көшеттің түрі өңіріміздің климатына бейімділігі тексеріліп, тәжірибеден өткізілген.