Алмаарасан тауларынан жоғалған әйел табылды

285
10.01.2023 15:52

 Алматы облысында жоғалған келіншек Алмаарасан тауларынан табылды. 1983 жылы туған турист әйел 7-қаңтарда тауға жалғыз өзі шыққан. Жаяу серуендеп болған соң көлікке түскен кезде телефонын және бақылау таяқшаларын жоғалтып алыпты. Таудан түсіп бара жатқанда қар көшкіні жүріп, өзенге қарай алып кеткен. 

 Келіншектің жоғалғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар қызметіне 9-қаңтарда хабарланған. Жеке құрамның 11 құтқарушысы және иісшіл иттен тұратын жедел топ туристі түні бойы жартасты және қарлы таулардан іздеген. Түнгі сағат 4-ке таяу зардап шеккен турист табылды. Қар астында қалған келіншек құрсаудан өз күшімен шығып, ұйықтау қапшығына оранып жылыныпты. Құтқарушылар келгенше қапшықта жатуға мәжбүр болған екен.