Түркістан облысының шенеунігінен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкер ұсталды. Шымкент қаласының полиция департаментіне мемлекеттік мекеме басшысы арызданып, ер адам оның "іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын" деп қомақты ақша бопсалағанын хабарлаған. Полицейлер жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бизнесменді Шымкент қаласында 45 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай күдікті бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны болып шықты. Алайда ол конкурстан жеңіліп, жәбірленушіні кінәлаған. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
️