Қазіргі баланың көзі кітапта емес ғаламторда. Қазақи тәлім беретін, ұлтымыздың ерекшелігін танытатын балаларға арналған шығармалар саусақпен санарлық. Бердібек Соқпақбаевтай өскелең ұрпаққа арнап туынды жазатын жазушылар да жоқтың қасы. Алайда, қалауын тапсақ, қолда бар кітаптарды да оқытуға болатын көрінеді. Оған журналист түрлі мысалдар айтып берді.
️