Түркістандық өзбек ұлтының өкілі Мухаббат Аматаева қазақ тілінде кітап жазады. Жазушы қазақ халқына деген ыстық ықыласын қалам арқылы білдіргісі келіпті. Өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің өмірі қазақ халқымен біте қайнасып жатыр. Құда-жекжат болып отырған Мухаббат апайдың жанұясы осыған дәлел.
️