Полиция қызметкерлері күні

230
23.06.2021 22:20

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Twitter парақшасында ол ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек екенін жазған. Айта кетейік, 1992 жылы Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңды қабылдады.  2007 жылы сол кездегі Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 23 маусым полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.