Он жетінші ғасырда іргетасы қаланған Шәмет ишан мешіт-медресесі құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Түркістаннан 40 шақырым жерде орналасқан Қарнақ ауылындағы тарихи нысан бұған дейін де бірнеше рет күрделі жөндеуден өткен. Бірақ, құрылыс нәтижесі көңіл көншітпейді. Том тарихты өзімен бірге әкетуге шақ тұрған жәдігердің болашағына ауыл тұрғындары да алаңдаулы. Тарихи тұлғалардың талайының сауатын ашқан ғимараттың қазіргі жағдайымен тілшіміз танысып келді.
️