Түркістан
EN

Түркістан облысында заңсыз қару сақтағандар ұсталды

405
09.01.2023 20:40

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері келіп түскен ақпарат көздері арқылы өзімен қару алып жүруі мүмкін деген азаматтарға тексеру жүргізген. Нәтижесінде Кентау қаласы мен Сауран ауданы тұрғындарының қаруды сақтау және тасымалдау ережелерін өрескел бұзғандығы анықталып отыр. Қазіргі таңда күдіктінің біреуі қамауда, ал екіншісі қолхат арқылы босатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

️