Астаналық ер адам супермаркеттен жалпы құны 75 мың теңге болатын сусабынды үптеп кеткен. Елордалық полицейлер қаладағы ірі дүкендердің бірінде орын алған ұрлықты ашты. Жеке кәсіп иесі полицияға шаш күтімі өнімдерін ұрлау туралы арызбен жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында "Байқоңыр" ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол 31 дана сусабынды күртешесіне тығып алып, сатушыларға білдіртпей дүкеннен еш кедергісіз шығып кеткен. Ұсталған азаматтың не себепті тек қана сусабын ұрлағаны әзірге белгісіз.
️