Түркістан облысында жоғалған қарияның мәйіті егістіктен табылды

360
09.01.2023 15:38

Түлкібас ауданында жасы 70-тен асқан қарияның мәйіті егістіктен табылды. 5 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен ақсақалдың қайта оралмағаны туралы ақпарат құралдары арқылы хабарланған болатын. Қарияны іздеуге полициядан бөлек еріктілер мен атты ауыл тұрғындары атсалысқан.

Іздеуге жұмылдырылған тәртіп сақшылар әрбір үй, дүкен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарда жоғалған егде жастағы қарияның суретін көрсету арқылы сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар қараусыз қалған ғимараттар, оқиға орнына жақын аумақтағы тау-тас, ой-қыр, егістік алқаптары түгел қаралып, жіті тексерілді. Алайда өкінішке қарай, жоғалған ер адамның мәйіті 3 күннен соң «Шүрен төбе» егістік алқабынан табылды.