Бәйдібек ауданының тұрғындары жарықсыз отыр

525
06.01.2023 15:21

Жарық пен байланыс, көгілдір отыннан қол үзіп қалдық. Апта ішіндегі ақ түтек бораннан зардап шеккен Бәйдібек ауданының тұрғындары осылай дейді. Қатты желден құлаған электр бағаналарын қалпына келтіру жұмыстары қанша уақыт алмақ? Көгілдір отын мен ауыз су елдімекен тұрғындарына қашан беріледі? Тілшіміз Бағдаулет Анарбай 4 күннен бері байланыс аясынан тыс жерде қалған тұрғындармен тілдесіп қайтты.