Шымкентте перзентханаға күзде босануға барған 28 жастағы келіншек әлі төсекке таңылып жатыр

197
06.01.2023 15:18

Келініміз перзентханада босанып, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Шымкент қаласының тұрғыны арнамызға осылай деп шағымданды. Туыстарының айтуынша науқастың денсаулығында кінарат болмапты. Олар қыздарының мұндай күйге түсуіне дәрігерлердің салғырттығы себеп деп санайды.  Мухабат Абдрахманова келінім перзентханаға өз аяғымен барған болатын. Алайда дәрігерлер босанбас бұрын белгісіз препарат салды дейді. Соның әсерінен жас ананың жағдайы күрт нашарлап кесір тілігімен босаныпты. Туыстары болса, бізге дәрігерлер ота жасайтыны туралы ескертпегенін айтады.