Шығыс Қазақстан облысында боранда қар құрасауында қалған 12 ресейлік эвакуацияланды. Олар Шемонаиха ауданындағы учаскесінде ақтүтек боран салдарынан жолда қалған. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен барлық азаматты қауіпсіз жерге көшірген. Олардың арасында екі бала бар. Қазіргі уақытта шетелдіктер Шемонаиха қаласындағы қонақ үйге орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Айта кетсек, Шығыс Қазастан облысында ақ боран әлі басылған жоқ. Кешелі бері аймақта ахуал тіпті қиындап кетті. Алыс аудандарды айтпағанда, халық қалаға іргелес ауылдардың өзіне жете алмай жатыр. Төтеншеліктер азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
️