Шымкентте жоғалған 15 жастағы қыз аман-есен табылды. Полицейлер жасөспірімді жеті күн бойы аяқтан тік тұрып іздеген. Қыздың жоғалғаны туралы құқық қорғау органдарына анасы 30-желтоқсан күні хабарлаған. Анель туыстарымен жанжалдасып, үйінен шығып кеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бүгін темір жол вокзалы маңынан табылды. Жасөспірім бір апта бойы бейтаныс адамдардың үйінде жасырынып, өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан. Бұған дейін де үйінен 3 рет кетіп қалған қызды полицейлер тауып, отбасына табыстаған екен. Ал, бұл жолы жасөспірім үйіне барудан түбегейлі бас тартып отыр. Себебі, анасы күн сайын қол көтеріп, тіпті намысына тиетін сөздерді айтатын көрінеді.
️