Полиция қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған күдіктілерді ұстады. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау мен контрабандаға қатысы бар екі шетелдік азаматты анықтады. "Мадрит" және "Жайма" атты қызметтік иттер тәртіп сақшыларына күдіктілерден гашиш есірткісін анықтауға көмектесті. Қылмыс "Жібек жолы" шекара бекетінде орнады. Оқиға орнына келген полицейлер бақылап-өткізу пункті арқылы өтіп бара жатқан сезікті ер адамға қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Аталмыш Өзбекстан азаматын тінту кезінде, одан құрамында есірткі заты бар полиэтилен пакет табылды.
️