Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарын 860 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, дәнді және бұршақтық дақылдардың егіс көлемі 317 мың гектарға жетпек. Ал мал азықтық дақылдар 5,6 мың гектарға артып, 225,5 мың гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 96 мың тонна жанармай қажеттілігіне ұсыныс жолданды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 48 мың тонна жанармайдың 6 мың тоннасын ақпан, 12,7 мың тоннасын наурыз, 12,1 мың тоннасын сәуір, айларында берілуі жоспарлануда.
️