Биыл миллионға жуық қызметкердің жалақысы артады

517
04.01.2023 16:18

Биыл екі миллионға жуық адамның айлық табысы артады. Жаңа жылдан бастап айлық табысы артатындардың арасында мұғалімдер, дәрігерлер және өрт сөндірушілер бар. Қаңтар айынан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 550 мың теңге болады. Өрт сөндірушілер үшін де жағымды жаңалық. 2023 жылдан бастап олардың ең төменгі жалақысы 180 мың теңгеге өседі. Ал мұғалімдер  жалақысы 25%-ға артады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп пен колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25 пайызға көбейеді. Ал 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге болады деп жоспарланған. Сондай-ақ  әскери қызметшілердің айлығы 60% дейін өседі. Жалпы қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге, айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болып бекітілді.