Жылдың алғашқы үш күнінде 116 адам апаттан зардап шекті. Мұның ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел бар. Ал тоғыз жолаушы өкінішке орай көз жұмған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Айта кетсем, тас жолға шығатын жолды жауып тұрған полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін азаматтар 30 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 91 890 теңге айыппұл төлейді. Тіпті, 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Алайда ескертуді елемейтіндер әлі де азаймай отыр.
️