Жолдары жабылған Түлкібас ауданындағы жағдай қалай?

618
04.01.2023 16:05

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданында жабық жолдар ашылды. Енді көліктер межелеген жерлеріне жете алады. Кеше ақ түтек боранның салдарынан жолаушылар тиісті жерлеріне жете алмаған болатын. Тіпті олардың ішінде екі күннен бері қар құрсауында қалған жолаушылар да бар.