Түркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушыға көмек көрсетілді. Өткен түнде аймақтағы жолдарда 114 жеңіл көлік тұрып қалған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, далада қалған жолаушыларды түгелдей қауіпсіз жерге апарды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ бұрқасын дауыл мен қатты қардың салдарынан бірнеше елдімекен көгілдір отынсыз және электр жарығынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмысын жүргізуге жолдардың жабылуы кедергі болған.
️