Дархан Сатыбалды электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

426
04.01.2023 16:00

Ауа-райы күрт өзгеріп, бұрқасын дауыл мен қатты қардың кесірінен облыстағы бірнеше елді мекендер жарықсыз қалған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шұғыл жиналыс өткізді. Техногенді сипаттағы табиғат апатының салдарын жою бойынша барлық жауапты құрылымдардың басшыларын жиналды. Облыс әкімі жағдайды баяндаған  әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті, ішкі істер департаменті, «Оңтүстікжарық», жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшыларына нақты тапсырма берді.